Жаңалықтар

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, «Ел тізгінін ұстаған қызметкерлер» атты кітап көрмесі таныстырылды

2024 жылдың 21 маусым күні Жетісу облысы Сәкен Сейфулллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, «Ел тізгінін ұстаған қызметкерлер» атты кітап көрмесі таныстырылды. Кітап көрмесі «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне насихатталды. Көрмеге «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет», «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық», «Іскери қазақ тілі» оқу құралы, Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға арналған «Сабақ үлгілері», Серікбай Нұрғисаевтің «30 жыл тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде», қазақша-орысша, орысша-қазақша «Сөздік», «Государственная служба как сфера социально-политической модернизации в Республике Казахстан», «Административное право Республики Казахстан» академический курс, «Государственная служба в Республике...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.06.2024

Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты романының таныстырылымы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 20 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» атты романының таныстырылымы өтті. Кітаптың тұсауын суырып салма айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, ақын, Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалы директоры Жангелді Немеребай, «Жанр» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын мен Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Лидия Егембердиева кесті. Шара барысында Қанат Әбілқайыр кітаптың шығу тарихына тоқталып, қызықты сәттерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітаптың ең алғашқы оқырманы Шынар Оңашбай көкейіндегі сұрақтарды қойып, романды оқығандағы әсерімен бөлісіп, авторға тілегін білдірді. Сондай-ақ жиналған зиялы қауым өкілдері кітап авторы Қанат Әбілқайырға ықылас танытып, шығармашылық табыстар тіледі. Шара соңында кітапхана қорына кітап сүйе...
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.06.2024

«Шуақты жаз» маусым айына арналған лагерь оқушыларымен экскурсия

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен апта бойы өткізіп келе жатқан кезекті «Шуақты жаз» атты іс-шарасы жалғасуда. 20 маусым күні шара барысында қаламыздың №4 орта мектептің жазғы демалыс лагерінің 7 сынып оқушыларына экскурсия жүргізіліп, кітапхананың құрылу тарихы, ережелерімен танысты. Сондай-ақ кітапхананың тіркеу орны, кітап алмасу бөлімі, оқу залы, мерзімді басылым бөлімдерімен таныстырып, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар ақпараттық-анықтамалық бөлімімен танысып, электронды каталогты қалай пайдалану керек екенін кітапханашы түсіндіріп шықты. Кітапханаға экскурсия барысында балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.06.2024

Маусымдық шара жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Шуақты жаз» атты шараны апта бойы өткізіп келеді. 19 маусым күні Талдықорған қаласының №12 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.06.2024

"Ағыраптағы аты жоқ адам" кітабының таныстырылымы өттеді.

Құрметті оқырмандар, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 20 маусым сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың "Ағыраптағы аты жоқ адам" кітабының таныстырылымы өттеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Афиша Уақыты: 18.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика